Ресми

Еске алу күні: №40 бағытта көлік жүреді

2017 жылдың 21-25 сәуір аралығында Еске алу күніне байланысты Орталық базар-қалалық қорым бағытында жолаушылар тасымалын №40 бағыттағы қалалық қоғамдық көлік қамтамасыз етеді.

Бағыттың қозғалыс кестесі:

Орталық базардан шығу уақыты: 9.00-17.00 аралығында әр сағат сайын.

25 сәуірде автобустар саны ұлғаяды және қозғалыс аралығы жиілейтін болады.

Бағыт қозғалысы:

Орталық базар аялдамасы (Т.Ахтанов көшесі) – Пушкин атындағы саябақ аялдамасы (Шернияз көшесі) – Жамбыл аялдамасы (Шернияз көшесі) – Жуковский аялдамасы (Жанқожа батыр көшесі) – Сады аялдамасы (Жанқожа батыр көшесі) – «Взрывпром» аялдамасы (тасжол бойымен) – «Қалалық қорым».

Автобустарда жол жүру ақысы — 55 теңге, 7-15 жас аралығындағы балаларға жүру ақысының 50%-ы.  Автобустарда жеңілдікпен жүру ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, 1, 2 топтағы мүгедектерге қарастырылған.

Қазір бағыттың жүру сызбасы бойынша автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button