Құқық

Сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі

Сыбайлас  жемқорлықпен күрес — бүгінгі күннің ең маңызды  мәселелерінің бірі. Оның алдын алу Қазақстанның әрбір азаматының, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің  басты  міндеті.

Мемлекет басшысы  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы халыққа Жолдауында басты назарды сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске аударды. Оның себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жоюға бағытталған  жұмыстарды  күшейтудің қажеттілігін атап көрсетті. Сондай шаралар алынғанда ғана сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі  өз құзыреті шегінде  мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы, зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы  заңнамалардың  сақталуына мемлекеттік бақылауды еліміздің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес  ішінара және  жоспардан тыс тексеру нысандарында  жүзеге асырады. Бөлімде оның басшысы мен  екі жетекші маман жұмыс жасайды. Бөлім қызметшілерімен өткен жылы — 31, ал үстіміздігі жылы  бір субъектіге тексерулер жүргізіліп,  олардағы заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындылары  бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіліп, олардың басшыларына бұл кемшіліктерді тез арада түзетуге нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  83 және 84-баптарына сәйкес заңбұзушылықтарға жол берген 20 лауазымды тұлғаларға  жалпы сомасы 2 001,140 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынып, аталған қаржы  түгелдей  республикалық бюджет есебіне аударылды.

Осы жылдың қаңтар айында  бөлім қызметшілері күнделікті баспасөз беттерінде, теледидар арналарында, электронды ақпарат желілерінде ақпарттар берді. Пара алу, орынсыз сыйлықтар беру сияқты теріс қылықтар сыналды. Сыбайлас жемқорлықтың өзге де болуы мүмкін фактілері мен жайларына тосқауыл қоюға бағытталған арнайы отырыстар өткізілді. Күнделікті жұмыста  басшылыққа алатын ҚР Кәсіпкерлік  Кодексінде  көзделген жағдайлар бойынша шаралар алып отыру мәселесі сараланды. Бұл жерде болуға тиіс тексерудің жүргізілмей қалуына, тексеру парағында көрсетілген  талаптардың түгелдей қаралмауына, тексеруді  рәсімдеу тәртібінің сақталмауына, бақылауды  жүзеге  асыру кезінде  лауазымды тұлғалардың заңмен белгіленген өздерінің  құқықтары мен міндеттерін пайдаланбауына жол беруге болмайтыны қатаң айтылды.

Тексеру кезінде анықталған құқықбұзушылық фактілері бойынша  тексерілген субъектіге  құқықбұзушылықтарды жою туралы  орындауға міндетті  ұйғарым жіберіледі. Тексеру жүргізілген  субъекті (оның лауазымды адамдары)  ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы  Кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартылады, яғни айыппұл  салынады.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңына сәйкес оның принциптері мен  өтініштерді қарау мерзімі сақталып, жеке және заңды тұлғалардың  бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге  бағытталған шаралар  қабылдануы тиіс. Мұнымен бірге, өтініш  иелеріне тексеру қорытындысы бойынша уақытында жауап берілуі тиіс.

Осы жылдың  сәуірінде  облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде   департаментте кедергісіз ортаны қалыптастыру  мен мүгедектік мәселелеріне қатысты  сауалдарға байланысты осы жылдың  18 мамырында, 18 шілдесінде, 19 қыркүйегі мен  19 қарашасында «Ашық есік» күндері өткізілетіндігі, онда халықтың мүмкіндігі шектеулі  топтарына  әлеуметтік жағдайды жақсарту, көлік, әлеуметтік және басқа да  инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз  кіріп-шығуына  байланысты  заңнамаларға  түсініктеме берілетіндігі жеткізілді. Осы жерде атап өту қажет, осы басылым беттерінде жыл сайын департаментте басқа да мәселелер оның ішінде  сыбайлас жемқорлыққа қатысты да қабылдау жүргізілетіндігі немесе  56-76-43 байланыс телефоны арқылы  тікелей байланысқа шыға алатындықтары туралы хабарландырулар жарияланды. Сонымен қатар, департамент орналасқан ғимараттың  төртінші қабатының кіреберісінде оның қызметіне қатысты  жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен ұсыныстарын салу үшін қабылдау  жәшігі орнатылған.

Бөлім қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің заңға сәйкес ұтымды шараларын алда да қарастыра беретін болады.

 Ботакөз НАҒАШЫБАЕВА,

департаменттің халықты әлеуметтік

қорғау саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button