Білім

Министр мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Тағы бір маңызды міндет – мұғалімдерді өз саласына жатпайтын жұмыстармен айналысуға мәжбүрлеуді тоқтату. Бұл көлемді жұмыс, алайда біз осыған кірісеміз. Бүгінде біз мұғалімдердің сараптамаларды, карталарды, жол жүру билеттерін жинайтынын, тексеріс өткізетінін білеміз. Бірінші кезекте тексеріспен айналысуды, статистикалық мәліметтерді жинауды тоқтатамыз. Механизмді жасап алып, үкіметтен бірқатар қаулы шығартамыз, бұл арқылы басқа органдар мұғалімдердің еңбегін пайдалана алмайтын болады», – деді Ерлан Сағадиев.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button