Экономика

Талап кәсіпкерлерге де ортақ

Меморандум

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша  меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты —  кәсіпкерлікті дамыту, осы бағыттағы кедергілерді жою. «Атамекен» Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының  директоры Нұрлыбек Мұқанов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов екі жақты құжатқа қол қойды. Сондай-ақ алда атқарылатын шаруаларды пысықтады. Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, кәсіпкерлерді тексеру кезінде түрлі қиындықтар орын алады. Мәселен, бизнес нысандарын тексеру кезінде көпшілігі өрт қауіпсіздігі және өзге де талаптарды орындамайды. Тіпті қандай талап бар екенінен бейхабар кәсіпкерлер бар. Департамент өкілдері талапты сақтамаған нысан басшыларына ескерту беріп, әкімшілік айыппұлдар салады. Кейде осының соңы үлкен дауға ұласатын жағдайлар жиі кездеседі. Ал бұл жолғы меморандум осы түсініспеушіліктердің алдын алмақ. Бауыржан Сыздықов алдағы уақытта жұмыс тобы құрылып, арнайы түсіндіру жұмыстары жүретінін айтты. Мәселенің барлығын кәсіпкерлік палатасы арқылы бірігіп шешпек.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button