Жаңалықтар

Халық қаһарманының көмегі

Ақтөбеге Халық қаhарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы келді.

Үйлері суға кетіп, басына ауыртпалық түскен ақтөбеліктерді қолдау үшін, ағайынға көмек көрсету үшін алып-ұшып жетіпті. Б.Ертайұлы өзі басшылық ететін «Тәуелсіз Қазақстан батырлары» бірлестігі атынан гуманитарлық көмекті ала келген. Бұл туралы бізге облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршын Айдарханова айтты.

— Халық қаhарманының көмегін «Еңбек Ері» Құралай Байменова жетекшілік ететін «Тең қоғам» орталығына жеткізіп беруді ұйымдастырдым. Үлкен фурадан жүкті түсіріп алу үшін біздің мекемеден бірнеше шағын жүк көлігі мен жұмысшылар шықты. Батырларымыз қашанда ел үшін елеңдеп, қайырымдылық пен ізгі істердің басында жүріп, алдыңғы шептен табылады. Елімізде 11 Халық Қаһарманы, 37 Еңбек ері бар екен. Солардың ортасынан ойып тұрып орын алатын Бақытжан Ертайұлы мен Құралай Базарбайқызы сияқты бүгінгініңбатырларының өнегелі істерін насихаттап, жастарға үлгі ретінде көрсету — бізге парыз. Бұл — біздің міндетіміз, — дейді Күлпаршын Айдарханова.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button