Спорт

Сенім алға жетелейді

Кураторымыз қысқы Универсиада-2017 студенттік ойындарының Алау эстафетасына қатысатын алаугерлердің арасында менің де аты-жөнімді айтқанда, бойымды ерекше қуаныш сезімі биледі.

Мен 2014 жылы өткен ел чемпионатының қола жүлдегерімін. Қазір біздің топта екі чемпион бар. Бірі — таэквондошы Назгүл Баймұхамбетова, екіншісі — панкратионшы Медет Алғабай. Олар да алаугерлердің тізімінде бар.

Шаңғы тебумен 11 жасымнан айналысамын. Шаңғы тебу үшін күніне екі сағаттан екі рет жаттығу керек. Яғни, ертеңгілік және түстен кейінгі уақытта. Менің мақсатым — ел чемпионы және спорт шебері атану. Бұл мақсатқа жету үшін өз-өзіңе сенімді болуың керек. Егер әрбір адам өз-өзіне сенімді болып, дұрыс таңдау жасаса, еліміз әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінетініне сенімім мол.

 Нұржан ҚҰРМАНӘЛІ,

шаңғы жарысынан спорт шеберлігіне үміткер,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік мемлекеттік университетінің  4-курс студенті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button