Спорт

Алғаш рет алау ұстамақпын

Алматыда өтетін ХХVІІІ қысқы Универсиадаға үн қосатындардың арасынан табылғаныма шексіз қуаныштымын. Осындай құрметке лайық деп тапқан ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіргім келеді. Өйткені бұл — екінің біріне  бұйыра бермейтін бақ. Және бұны өз деңгейінде, талапқа сай орындап шығу үшін бар күш-жігерімді аямаймын. Осы істің басы-қасында жүргендер де алдын ала дайындықтың болатынын, бәріне үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін ұдайы айтып жүр. Ең бастысы, маған артылған сенімді ақтайтыным сөзсіз.

Мен сабақтан бөлек, спорттың бірнеше түрімен айналысып жүргендердің бірімін. Самбо, қол күресі, панкратион, грэпплинг, қоян-қолтық күрес сияқты спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаттарында жүлдегер атандым. Джиу-джитсудан Азия чемпионымын.  Бұйыртса, жеңістерімнің соңы бұл емес деп үміттенемін.

Осындай эстафетаға бірінші рет қатысқалы отырмын. Сондықтан да бұл оқиға менің есімде мәңгілікке сақталатыны анық.

 Бекзат ДУЛАТОВ,

Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері институтының курсанты.  

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button