Спорт

Спорт — ел намысы

Универсиада алауын ұстау құрметіне ие болғаным мен үшін үлкен қуаныш.

Спортқа деген қызығушылығым бала кезімде басталды. Мұғалжар ауданының Ембі қаласындағы №4 мектепте оқып жүргенімде таэквондодан секцияға қатыстым. Одан кейін Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің жанындағы колледждің спорт бөліміне оқуға түстім. Студент кезімде де қаладағы «Динамо» спорт клубындағы секцияға қатыстым. Қазір облыс орталығындағы «Динамо» спорт кешенінде және «Батыр» спорт клубында жаттықтырушы болып еңбек етемін. Спорттағы жетістіктерім үшін жаттықтырушыларым Демид Грачев пен Берік Әлжановқа көп рақмет айтамын.

Қазір әлемде таэквондоның үш федерациясы жұмыс жасйды. Олар: Халықаралық таэквондо федерациясы (ITF), Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы (WTF) (2000 жылдан бастап бұл нұсқа олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіреді) және 1990 жылы грандмастер Пак Джунтхэ негізін салған Ғаламдық таэквондо федерациясы (GTF). Мен осы GTF стилін таңдадым.

Айта кету керек, елімізде  тұңғыш рет GTF мектебі 1991 жылы Ақтөбеде ашылды.

Былтыр Орал қаласында GTF таэквондодан өткен ел чемпионатына қатысып, күміс жүлдеге ие болдым. Сол жылы Ресейде өткен халықаралық жарыста ел намысын қорғап, қола жүлде иелендім.

Мақсат, жоспарларым көп. Биыл Молдовада GTF таэквондодан ашық Еуропа  кубогы өтеді. Сол дүбірлі  додада ел намысын қорғағым келеді. Бұл үшін бірнеше сыннан, іріктеуден өтуім керек. Осы мақсатқа жету үшін күш салып, дайындалып  жатырмын.

Елімізде өтетін дүбірлі додаға қатысушы спортшылардың барлығына сәттілік тілеймін.

 Нұрғиса ІЗДІБАЙ, жаттықтырушы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button