Спорт

Алғашқы кездесу

Футбол

 Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футбол командасы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Жерлестеріміз 16 қаңтар күні Албанияның Суперлигасында ойнайтын «Фламуртари» командасымен кездескен болатын. Бұл сайыста «Ақтөбе» қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.

Бір айта кетерлігі, бұл жолы алаңға легионерлерден бір ойыншы ғана шықты — Вук Митошевич. Ал қалған ойыншылардың барлығы да қазақстандықтар болды.

«Ақтөбе» (Қазақстан)-«Фламуртари» (Албания) — 0:1 (0:0).

Сонымен алғашқы ойынға қатысқан «Ақтөбе» футболшылары:

Андрей Сидельников (Самат Отарбаев), Рафкат Аслан, Берік Айтбаев, Дамир Даутов (Саят Жұмағали), Вук Митошевич, Кирилл Шестаков (Антон Шурыгин), Рахымжан Розыбақиев (Нұрбол Жұмашев), Асланбек Кәкімов, Ардақ Сәулет (Абылайхан Оңғарбаев), Бауыржан Байтана, Игорь Зенькович (Игорь Бойчук).

Албаниялық «Фламуртари» бұған дейін, 11 қаңтар күні «Тобыл» командасымен кездесіп, қостанайлықтарға 0:2 есебімен жол берген болатын.

Келесі ойынын «Ақтөбе» футбол командасы 22 қаңтар күні Ресейдің Премьер-лигасында ойнайтын «Анжи» командасымен өткізеді.

Одан соң екі ойын күтіп тұр: СКА (Хабаровск, Ресей); «Пирин» (Болгария).

  Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button