Спорт

Атлеттер ауылы үш мыңнан астам делегатты қабылдамақ

Қысқы Универсиада-2017

 2017 жылғы Қысқы универсиаданың атлеттер ауылында спорт делегацияларын қабылдау үшін нысандарда соңғы әзірліктер жүріп жатыр.

«Бүгінгі күні қысқы студенттік ойындарға қатысатын 59 елдің делегация өкілдерінен үш мыңнан аса өтінім қабылдадық. Командалар 24 қаңтардан бастап келетіндіктен, дәл сол күні бізде атлеттер ауылын ашу салтанаты өткізіледі. Қазіргі таңда нысандар 90 пайызға дайын. Тұрғын үй блоктарын жабдықтау, тұрмыста қолданылатын шағын заттарды техникалық орнату жұмыстары жүргізілуде», — деді «2017 жылы Алматы қаласында ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның» атлеттер ауылын басқару департаментінің басшысы Сәнім Шәріпова.

Атлеттер ауылында спортшылармен қатар, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және тағы да басқа елдерден келетін жүзге жуық халықаралық ерікті жайғасады. Бас жоспарға сәйкес атлеттер ауылы 5000 адамды сыйдыра алады.

Пирамида түрінде салынған әкімшілік ғимаратта орналасатын атлеттер ауылының орталық қақпалары нысанның «жүрегі» саналады. Мұнда аккредиттеу орталығы, көші-қон қызметі, қаржы департаменті, спорттық ақпарат орталығы және бас ақпараттық орталық орналасқан. Универсиада қатысушылары ақпараттық орталықтарда жарыстардың кестесі және спорттық нысандарға дейін жүретін автобус қозғалысының кестесінен бастап, атлеттер ауылында және де қалада күн сайын өткізілетін мәдени бағдарламаға дейін бүкіл қажетті ақпаратты ала алады.

Алматыдағы қысқы Универсиада аяқталған соң атлеттер ауылы Универсиада мұрасы ретінде тұрғын үй кешеніне айналады.

almaty2017.com

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button