Спорт

35 команда сайысты

Шахмат

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  қосымша  білім беру орталығы ХVІI облыстық спартакиада бағдарламасы аясында колледж оқушылары арасында шахмат жарысын өткізді. 

Негізгі мақсат — шахмат ойынын облыс бойынша барынша дамыту, республикалық додаларға облыс құрама командасын іріктеу.

Жарысқа барлығы 35 командадан құрылған 105 колледж білім алушылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар жинаған ұпай санымен анықталды.

Ұлдар арасында I орынды Ақтөбе автожол колледжінің құрама командасы иеленді. Ал қыздар арасында Хромтау тау-кен техникалық колледжінің құрамасы жеңіске жетті.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы тарапынан дипломдар мен  кубоктар табыс етілді.

Колледж білім алушылары арасында шахмат ойынына жыл сайын қызығушылық артып келеді. Білім ордаларында шахмат үйірмелерін тұрақты түрде ұйымдастыру жолға қойылған.

  Ә.ТАСҚЫНБАЕВ,

спорт және салауатты өмір салтын

 қалыптастыру бөлімінің аға әдіскері.

Ақтөбе қаласы.

                                  

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button