Спорт

Әйелдер тұңғыш рет қатыспақ

Трамплиннен секіру

 Ел намысын Даяна Ахметвалиева қорғайды

 Қысқы Универсиаданың тағы бір жаңалығы — Қазақстан тұңғыш рет әйелдер арасындағы трамплиннен секіру жарысына қатысады.

Бұл туралы Қазақстанның Трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысы жөніндегі федерациясының президенті Андрей Вервейкин almaty2017.com сайтына берген сұхбатында айтыпты.

Андрей Вервейкин сұқбатында трамплиннен секіру бойынша ерлер құрамасы тәжірибе жинақтау үшін Еуропаға кеткенін, олар 22 қаңтарда елге оралып, тағы бір апта Алматыда жеке-жеке жаттығатын айтыпты. «Ереже бойынша біз үш спортшыны қатыстыруға құқығымыз бар. Қазір екі спортшы анықталып қойған: Универсиадада Сабыржан Мүмінов және Сергей Ткаченко ойын көрсетеді. Үшінші орынға екі адам үміткер болып отыр. Спортшыларымыз Алматыға оралған соң, бақылау жаттығу нәтижелері бойынша үшінші спортшыны анықтаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның шаңғы қоссайысынан құрамасы да құрлықтық кубок жарыстарына қатысу үшін Еуропаға кетіп қалды. Шаңғы қоссайысының құрамасындағы жағдай да трамплиннен секіру бойынша құраманың жағдайымен ұқсас: Шыңғыс Рақпаров және Айбек Әлі қатысушылар тізіміне енді, ал үшінші орын әлі бос. Ең басты жаңалығымыз —  Қазақстан тұңғыш рет әйелдер арасындағы трамплиннен секіру жарыстарына қатыспақ, ел намысын Даяна Ахметвалиева қорғайтын болады», — депті В.Вервейкин.

Айтпақшы, трамплиннен секіру жарысына 21, ал шаңғы қоссайысына 13 ел қатысатыны алдын ала белгілі болып отыр. Сондай-ақ, трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысында 8 медаль жиынтығы бәске тігіледі.

 Әзірлеген Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button