Ауыл

Жемшөп толық, мал күйлі

Мал қыстатуға әзірміз бе?

 

Қарашаның қара суығы қаһарлы қыстың қамсыздықты көтермейтінін сездіргендей. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын біздің ауданымыз үшін қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы әсте белгілі.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, қыстан қысылмай шығуға мүмкіндік мол. Аудан бойынша 2016-2017 мал қыстату жылына 30106 бас мүйізді ірі қара, 100130  қой-ешкі, 7234  жылқы, 1180 түйе қысқа түседі деп межеленуде. Меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтардың қарамағындағы мал басын қыс мезгілінде сапалы мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 146700 тонна мал азығын дайындау керек еді. Нәтижесінде  алдағы мал қыстату жылына 149564 тонна мал азығы дайындалды немесе белгіленген жоспар 101,9 тоғыз пайызға орындалды.

Аудан бойынша дайындалған мал азығының барлығы бұл күнде толығымен қыстақ қастарына тасылып алынды. Мал азығын дайындау науқаны кезінде ауыл шаруашылық құрылымдары 78 тонна арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді.

Ауданда мал азығын дайындап сататын шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер табиғи пішеннің 1 тоннасын 9000 теңгеден сатып жатыр. Ал тайлап буылған 100 буда шөп 18 мың теңге тұрады.

 Т.БЕКЖАНҰЛЫ,

Ырғыз ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button