Құқық

Тәрбиенің іргетасы

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Құқықбұзушылыққа жол жоқ» атты тақырыпта студенттермен кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, қоғамдық тәртіпті сақтауда үлгі көрсету және студенттерді теріс діни уағыздарға тойтарыс беруге шақыру.

Басқосуға Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Айбар Ақылбекұлы, облыстық прокуратураның ардагерлер кеңесінің жетекшісі Мария Сейдахметқызы, «Бүркіт» патриоттық клубының жетекшісі Серік Сағиев, басқа да үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жалпы шараны өткізуге облыстық Әлия Молдағұлова атындағы мемориалды музейінің ғылыми зерттеушісі Ғалымжан Байдербес мұрындық болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес еліміздің әрбір азаматы құқықтық нормаларға бағынуы тиіс. Құқықбұзушылықтың әкімшілік, қылмыстық, басқа да түрлері бар. Әрбір құқықбұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды көріністерін алып келеді. Сондықтан құқық негіздерін университет қабырғасынан меңгеру керек, сондай-ақ құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін ең алдымен тәртіп болуы керек, — деді Айбар Ақылбекұлы.

Кездесу барысында студенттерге Тәуелсіздіктің мән-маңызы кеңінен баяндалды. Мария Сейдахметқызы жастардың әрбір заңнан хабардар болуы керек екенін, құқықбұзушылықтың себептері ата-ана, отбасы тәрбиесінен басталатынын айтты.

Құқық қорғау саласының мамандары жастар арасында жиі кездесетін келеңсіз жағдайлар жөнінде ескертіп, студенттерге кеңестер берді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

                                                                                                                             А.ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Саламатсыз ба?Мен жасым бойынша қыркүйек айында зейнетке шықтым.Еңбек кітапшасында жұмыс орынның мөрі анық болмағандықтан алты жыл өтілімді алып тастады№Жұмыс жасаған ауданға ЦОН арқылы сұраным жібердім.Ол кездегі құжаттар сақталмауына байланысты ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты.Енді ол алты жылды мен кімнен сұраймын?Алдын ала рахмет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button