Ауыл

«Атамекен» Абонеевті шақыртты

Агроөнеркәсіп кешенін 1971 жылдан зерттеп жүрген Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Василий Абонеев еліміздің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шақыруымен келіп, өңірлерде шетелдік сарапшы ретінде фермерлер үшін семинарлар өткізуде.

Қазақстан мен Ресейдегі қой шаруашылығының дамуының ұқсастығын айта келіп, В.Абонеев қазақстандық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің, оның ішінде отандық қой шаруашылығының табыстарына жоғары баға берді.

Қойдың жаңа тұқымын өсірудегі ғалымдардың ұзақ жылғы жұмыстарына кеңінен тоқталды. Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мәселелерін сөз етті.

— Өзіндік құны арзан өнім алудың бірден-бір жолы жайылымдық жерлерді мейлінше тиімді пайдаланумен байланысты, — деді ғалым.

Сонымен бірге, ғалым қой жүнін өндірудің әлемдік деңгейде 40,7 пайыз қысқарып отырғанын еске салды. Олай болатыны, табиғи жүн өндірісі аса қымбатқа түседі. Сол себептен табиғи жүнді синтетикалық, жасанды талшықтар ығыстыруда. Есесіне қой етін өндіру әлемде 64,2 пайыз ұлғайған. Оның айтуынша, қазір қой етінен түсетін пайда мол. Ал жүн арзанға өтуде. Бірақ, сарапшы мұның ұзаққа созылмайтынына сенімді.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button