Құқық

300-ге жуық заң бұзушылық анықталды

Жол қозғалысы

Ақтөбелік полицейлер «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 300-ге жуық заң бұзушылықты анықтады.

Іс-шараның мақсаты —  жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау. Шара аясында жүргізушілердің құжаттары тексерілді, яғни жолаушылар мен жүктерді жүйелі және жүйесіз тасмалдауды жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының барлығы, автобустың техникалық жағдайы және олардың бекітілген талаптарға сәйкестігі, автобус жүргізушілерінің рейс алды медициналық және техникалық тексеруден өту құжатының бар-жоғы анықталды.

Ақтөбелік полицейлер «Автобус» профилактикалық іс-шарасының үш күнінде жолаушылар тасымалдайтын көлік иелері жіберген  291 заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданудың 102 дерегі,  маневр жасау ережесін бұзған — 57,  тиісті рұқсатсыз қайта жарақтандырудың — 11,  жолаушыларды тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзудың — 4, сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген автобус басқарудың  6 дерегі   анықталды.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button