Құқық

Жанар-жағармай ұрлағандарға сот үкімі шықты

Қылмыс

 Байғанин аудандық сотында жанар-жағармай отынын ұрлаумен айналысқан төрт сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оқиға істің материалдарына сәйкес, биыл 31 шілдеде сағат 22.00 шамасында болған. Байғанин ауданындағы «Северная трува» кен орнында «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ-да машинист қызметін атқаратын сотталушылар жанар-жағармай отынын сатып алуға «УАЗ» маркалы автокөлігімен келген адамдармен алдын ала келіскен. Пайдакүнемдік ниетпен, «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ-ның меншігіне тиесілі жүк көліктерінің багінен құны 116 697 теңгеге бағаланатын 1 400 литр жанар-жағармай отынын жасырын түрде ұрлаған. Оны 56 000 теңгеге сатып, ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған.

Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, олардың мүліктері тәркіленді. Әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалып, 2 жылға пробациялық бақылау белгіленді.

Сонымен қатар, айғақ заттар 1 400 литр жанар-жағармай отыны жәбірленушіге қайтарылып, қылмыстық жолмен келген табыс 56 000 теңге мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

 Нұрлыбек КАДИРОВ,

Байғанин аудандық

соты кеңсесінің

аға сот приставы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button