Құқық

Бітімгершілік — баламалы тәсіл

Елімізде даулы мәселелерді оңтайлы шешудің баламалы тәжірибесі ретінде Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңы қабылданғаны белгілі. Осы заң елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Медиация — қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиатор аталған Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар жүгінетін тәуелсіз жеке тұлға болып табылады.

Медиацияның мақсаты — дауды шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тарараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Медиация еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық тұрғысында жүзеге асырылады.

Казіргі уақытта медиаторлардың қатысуымен көптеген істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер — медиация әдісіне жүгіну адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі.

 Ж.ЖҮСІПОВА,

сот мәжілісінің хатшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button