Денсаулық

Сымбатты болғыңыз келсе…

Әлемге әйгілі йога жаттығулары денсаулықты жақсартып қана қоймай, сымбаттың дұрыс түзелуіне де үлкен әсер етеді. Йоганың жаттығулары белдегі артық майларды кетіре отырып, оның иекемділігін арттырып, қан айналымын жақсартады. Егер өзіңізді үнемі сергек сезінгіңіз келсе, төмендегі жаттығуларды жасаңыз.

Тікағаш

Жерге шалқалап жатып, екі аяқты бүкпей тік көтереді. Кейін екі қолмен  белді сүйеп, шынтақпен жерді тірейді де, белмен қоса екі аяқты тік көтереді. Осылай жауырынмен жер тіреп 2 секунд жатып, кейін ақырын аяқты түсіреді. Жаттығуды  5-6 рет қайталайды.

Шынжырлану

Жерге тізерлеп отырып, екі қолды бір-бірінен ұстап, бастан асырады. Бір аяқты кейін қарай сол жаққа созады. Бұдан соң аяқтың басын ұстасқан қолдың бір білегіне салады. Осылай керіліп 2-3 секунд тұру керек. Сосын жаттығуды екінші жаққа жасайды.

Ұшу

Бір аяқты қолмен ұстап көтеріп, сол жаққа қисаяды. Қисая түскенде екінші қолды жайып керіледі. Осы сәтте тепе-теңдікті сақтай отырып, жақсылап  созылу керек. Бірнеше секунд осылай тұрғаннан соң, жаттығуды екінші аяққа қайталайды.

Құсша тұру

Тік тұрып екі қолды жоғары көтеріп, бір-бірімен түйістіреді. Бұдан кейін бір аяқты алдыңғы жаққа бүгіп көтереді. Осылай 2 секунд қозғалмай тұру керек. Сосын жаттығуды екінші аяққа жасайды. Жаттығуды 5-6 рет қайталау қажет.

Отырып иілу

Тік тұрып тізені сәл бүгіп еңкейеді. Екі қолды бір-бірімен айқастырып, кеудеге ұстап тұрып, солға бұрылып оң  шынтақты сол тізенің жанына әкеледі. Кейін  оңға бұрылып, сол шынтақты оң тізенің жанына сүйейді. Осылай жаттығуды әр жаққа 10 реттен жасайды.

Ракета

Аяқтарды біріктіріп түзу тұру керек. Кейін жартылай отырып, екі қолды көтеріп керіледі. Жаттығу кезінде бел мен аяқтың бұлшық еттері қайтып, шынығады. Аталған жаттығуды 5-6 рет қайталау қажет.

Павлин

Еденге екі қолды қойып, тізерлеп отыр. Сосын еппен бір аяғыңды артыңа қарай жоғары көтер. Аяғыңды қабырғаға тірегендей мүмкіндігінше тұр. Жаттығу кезінде белге салмақ түседі. Осылай он бес рет жасау керек.

Кеме

Еденге шалқалай жатып, екі қолмен басыңды ұста. Аяғыңды сәл жинақтап, басыңды көтер. Бұдан кейін бар күшіңмен денеңді жоғары көтеріп, қайтадан жат. Осылай 18-20 рет қайтала.

Созылу

Тізерлеп отырып екі қолды жазып, алдыға қарай керіліп жат. Мүмкіндігінше тағы да созылып, терең дем ал. Осылай 3-4 секунд қозғалмай жату керек. Жаттығуды 8-10 рет қайтала.

Целлюлиттен қалай құтыламыз?

Қыз-келіншектерімізді толғандыратын мәселенің бірі — целлюлит. Бұдан құтылу оңай емес. Сондықтан целлюлитпен үнемі күресуге тура келеді. Егер сымбатыңызды түзегіңіз келсе, онымен қалай күресудің жолын білгеніңіз жөн. Бүгінде целлюлитке қарсы түрлі косметикалық өнімдер шығарылуда. Оларды дұрыс пайдалана білсеңіз, аталған мәселені оңай шешуге болады.

Целлюлитке қарсы крем мен гельдер

Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін жағатын крем, гельдерді тиімді пайдалана білу қажет. Жақпа майларды дұрыс пайдаланған кезде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мықындағы артық майлардан арылғыңыз келсе, массаж жасаңыз. Құтының басында массаждық жұмсақтығы бар гельді жақсаңыз тез арықтайсыз. Оны жаттығу жасағаннан кейін мықындағы майлардың үстінен массаж жасай отырып жағады. Егер массажды осылай жасай берсеңіз 15  күннен кейін мықындағы майлардың 1 см арықтағанын аңдайсыз.

Бұған қоса арнайы сықпа гель де жақсы нәтиже береді. Бұндай гельді де дене шынықтыру жаттығуын жасағаннан кейін жағады. Оны артық майлардың үстінен жақса, тез әсер етеді. Яғни 4 аптаның ішінде  арықтағаныңызды байқайсыз. Сонымен қатар ол целлюлиттің қайта пайда болуынан сақтайды.

Сондай-ақ құрамында теңіз балдырлары бар гель мен кремдер де артық майлардың пайда болуына жол бермейді. Осындай гельдерді үнемі пайдаланып жүру целлюлитіңізді кетіріп қана қоймай, сымбатыңызды арттыра түседі. Әрі терінің жастық қалпын сақтайды. Теңіз балдырлары қосылған гельді үнемі жағып, әрі массаж жасап жүрсеңіз, нәтижесін төрт аптадан кейін көресіз. Бұған қоса шарикті және массаж жұмсақтығы бар гельдер де өте пайдалы. Бұндай гельдерді жаққаннан кейін тері жұмсарып, жылтырай түседі.

Сондай-ақ қарындағы артық майларды кетіру үшін де пайдаланатын гельдер бар. Алайда оны жаға білу керек. Егер үздіксіз жағып жүрсеңіз, үш аптадан кейін қарындағы артық майлардан құтылып қана қоймай, теріңіздің тегістелгенін байқайсыз. Алайда бұндай гельдерді сатып алғанда алдымен сапасына мән берген жөн. Сапалы гель сымбатыңыздың түзелуіне септігін тигізеді.

Табиғи жолмен күрес

1. Күнделікті ас мәзірін қадағалап майлы және тәтті тағамдар жемеуге тырысыңыз.

Е және С дәрумендері мол тағамдарды жеуді әдетке айналдырыңыз.

2. Салауатты емір салтын ұстаныңыз. Таңертең ерте тұрып, спортпен шұғылданып, жиі велосипед тебуге тырысыңыз. Беліңіз бен аяғыңыз көп қозғалатын жаттығулар жасауға әуестеніңіз. Ерінбей осыларды қолға алсаңыз  денедегі артық майлардың кете бастағанын аңғарасыз.

3. Күнде целлюлитке қарсы кремдерді жағына отырып, өзіңізге-езіңіз массаж жасаңыз. Оны күнде қайталаудан жалықпа.

Ұйқы алдында ескеретін үш жайт

Егер таңертең ұйқыдан сергек, әрі көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып тұрғыңыз келсе, төмендегі үш нәрсені есіңізден шығармаңыз.

1. Бір стақан алкогольды коктейл ішіп жатқан адам таңертең

тұрғанда көзінің алды іскенін байқайды. Сондықтан жатар алдында ішімдік ішуден аулақ болған абзал. Егер кешке қонақта ішімдік ішкен болсаңыз, үйге келген соң екі сағатқа дейін ұйықтамай, ұйықтар алдында бір стақан су ішіп алған жөн.

2. Сондай-ақ жатарда бетіңізге түнгі крем жақсаңыз, оны жұқалап

жағуды әдетке айналдырыңыз. Қалыңдатып жағылған крем таңертең бетіңіздің ісуіне әкеледі.

3. Тұзды тағам астың қорытылуын бәсеңдетеді. Егер таңертең

көзіңіздің алды ісіп тұрмасын  десеңіз жатарда тұзды ас ішпеңіз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Саламатсыздарма?мен 15 жастамын.бойым:162см,салмагым:60 кг.мени мазалап журген маселе бул-целлюлит.Маган акыл-кенестеринизди айттыныздаршы?мен тан ертен турып азангы жаттыгу жасаймын,канша аз тамактангым келседе коп молшерде тамак ишип коямын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button