Ауыл

Бақытты елдің балалары

Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ата Заңым  — айбыным!»

тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат — Ата Заң мен Мемлекеттік Рәміздердің маңызын жасөспірімдерге түсіндіру, балалардың ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту, құқықтық әрі патриоттық тәрбие беру.

Мектеп табалдырығын енді ғана аттайтын Ақшың Тұрар, Жанерке Сағидолла, Жанерке Серғазы тақырыпқа байланысты тақпақтарын айтты. Кездесу барысында балаларға адам құқықтары туралы түсінік беріліп, міндеттері жайында айтылды.

Бұл күні балалар еліміздің Әнұранын тыңдап, жатқа айтты. Қандыағаш қаласындағы №2, №3 және №4 мектептің оқушылары Ата Заңға арналған тақпақтарын айтып, патриоттық әндер шырқады. Мектеп оқушысы Камила Нұрғалиева «Туған жер» әнін орындаса,  Атырау қаласында өткен  «Ақ көгершін» байқауының бірінші орын иегері Мэлс Самбаев «Егемен ел — Қазақстан» әнімен көрермендердің көңілін тербетті.

Кеш соңында музей директоры Шәмшәт Әбдірзақов өскелең ұрпаққа алғысын айтып, оларды жаңа оқу жылының басталуымен де құттықтады.

 Лилия ШАМҒАЛИЕВА,

аудандық музей қызметкері.

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button