Ауыл

35 жас маман жұмысқа кірісті

Хромтаудағы №6 мектеп-гимназияда «Білімді ел — мәңгі ел» тақырыбында  аудан ұстаздарының дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Аудандық тамыз педагогикалық кеңесінде әуелі облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Құлыбекова сөз сөйлеп, бірқатар ұстаздар мен мектеп директорларына облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарын табыс етті.

Тамыз кеңесі барысында аудан әкімі Аязбай Османғалиев пен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Аханова да бірқатар ардагер ұстаздар мен қатардағы қызметкерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Жиын барысында ауданға жаңадан келген 35 жас маман ортаға шақырылып, таныстырылды. Ардагер ұстаздардың жанына отырғызылған жас мамандарға жылы лебіздер білдіріліп, гүл шоқтары табыс етілді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары дайындаған сазды бағдарлама ұсынылды.

 Б.КАМЕТИЯҚЫЗЫ,

Хромтау ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button