Спорт

Төрешілер шеттетілді

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарынан шеттетілген төрешілердің тізімін жариялады.

Оған дейін АИБА Олимпиадада қателік жасаған төрешілерді жарыстан шеттететінін, бірақ жекпе-жектер қорытындылары өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген болатын.

Шеттетілген төрешілер қатарында Мик Бэйси (Ұлыбритания), Хейра Сиди Якуб (Алжир), Майкл Галлахер (Ирландия), Мариуш Горний (Польша), Херардо Погги (Аргентина) и Владислав Малышев (Ресей) және қазақстандық Рақымжан Рысбаев бар. Бұлардың үшеуі — Левит—Тищенко жекпе-жегінде төрелік еткендер.

Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасында бокс сайыстарында екі үлкен дау шыққан еді: Левит —Тищенко (91 кг) және Конлан—Никитин (56 кг) жекпе-жектері қорытындысы бойынша АИБА төрешілеріне кінә тағылды.

Бірақ, ереже бойынша, төрешілер шешіміне қарсы шағым берілмейді. Сондықтан, Қазақстан бокс федерациясы Василий Левиттің сыйақысын алтын жүлде алған спортшыға тиесілі 250 мың доллар мөлшеріне дейін жеткізумен шектелмек.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button