Спорт

ӘДІЛБЕК — финалға, ИВАН жартылай финалға өтті

Сейсенбі күні Рио-де-Жанейрода екі қазақ боксшысы өнер көрсетті.

81 кг салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалдық жекпе-жекте Әділбек Ниязымбетов британдық Джошуа Буатсиден 3:0 есебімен басым түсті. Жартылай финалға қарсыластарын (оның ішінде өзбекстандық Елшод Расулов та бар) шетінен сұлатып, жақсы жеткен Джошуа Буатси Әділбекке қарсы еш қайрат көрсете алмады. Біздің боксшы финалға жолдама алды. Ендігі қарсыласы — кубалық Хулио Ла Крус. Бұған дейін Әділбек Ла Крустан екі рет — Бакуде және Алматыда өткен әлем біріншіліктерінің финалында — жеңілді. Енді есе қайтаратын мүмкіндік туды.

Ал Иван Дычко нигериялық Эфе Аджагбаны жеңіп, жартылай финалға өтті. Жартылай финалда британдық Джо Джойспен кездеседі.

Сәрсенбі күні қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдесі бар Қазақстан жалпы есепте 20-орында болды. Кеше жарыс жолына бірнеше спортшымыз шықты.

Отандастарымызға сәттілік тілейміз!

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button