Денсаулық

Қатерлі ісік қалай пайда болады?

Сүт безінің қатерлі ісігі — әйелдер арасында кең таралған қатерлі ауру. Аталған дертпен байланысты  аурушаңдық пен өлім көрсеткіші әлі күнге дейін азаймай отыр.

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша сүт безі қатерлі ісігі гормонға байланысты пайда болады. Аурудың негізгі себептері:  қалқанша безінің ауруы (гипотиреоз), менструальді циклдің кеш келуі, аналық бездің қабыну аурулары, аборт жасау, , сәбиді емшектен ерте айыру. Осындай жағдайлар кезінде эстроген гормоны концентрациясы қанға көп мөлшерде бөлінеді.  Эстрогендерде қатерлі ісік жасушаларын сезетін рецепторлар бар. Осы рецепторлар эстрогеннің белоктық бөлімімен қосылып, қатерлі жасушалардың өсуін жоғарылатады. Жануарлардың майын тағамғаммен ұзақ уақыт қолдану да  эстрогеннің өндірілуін жоғарылатады. Өйткені жануар майы ағзаға түскеннен кейін ұзақ уақытқа дейін ыдырамайды. Осыдан май алмасуы бұзылады. Ал май алмасуының бұзылуы эстроген алмасуының бұзылуына әкеліп соғады. Сондай-ақ генетикалық жолмен де ауру берілуі мүмкін. Егер  әйел адам қатерлі аурумен ауырса, оның ауырғаны жөніндегі ақпарат хромосомаларда жазылып, өзгеріске ұшыраған хромосомалар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.

Мастопатия немесе дисплазия, яғни сүт безінің фиброаденомасына шалдыққан әйелдер де қауіпті топқа жатады. Бұл сырқат  30-35 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.

Қатерлі ісіктің негізгі белгілеріне  сүт безінің үзіліссіз ауруы, сүт безінен сұйықтық бөлінуі, түйіннің пайда болуы жатады.

Сүт безінде осындай белгілерді байқаған жан, уақыт создырмай дәрігерге қаралуы керек.

Азамат ҚАЙЫРҒАЛИ,

интерн-хиргург.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button