Спорт

Ардагерлер мықтыларды анықтады

Шахмат

Ақтөбе қаласының бес ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымында 7  мыңнан астам ардагер есепте тұрады. Ардагерлер округтің қоғамдық өміріне белсене араласып қана қоймай, спортты да естерінен шығарған емес.

Жақында Халықаралық шахмат күні қарсаңында Қарғалы ауылдық округінде шахматқа ынталы ақсақалдар арасында турнир өтті. Жарысқа 13 ардагер қатысты. Тартысты өткен турнирде Қаршыға Албақасов жеңімпаз атанса, Кенжемұрат Нұрманұлы екінші орын алды. Үшінші-төртінші орындарды Серік Төрекешов пен Бөрібай Палуаниязов иеленді. Төрешілер алқасына тәжірибелі шахматшы Нығмет Байбосынов төрағалық етті.

Жарыс қорытындысында Қарғалы ауылдық округінің әкімі Алмаз Әлімбаев  турнир үздіктеріне мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарын тапсырды. Тіпті жүлдеден тыс қалғандар да ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Турнирді ұйымдастыруға соғыс және еңбек ардагері Мейірхан Картин үлес қосса, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Мұратбай Әжібаев қаржылай демеушілік етті.

А.ПРИХНО.

Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button