Жастар

Қырымнан үйреніп қайтты

Кәсіподақ

Осы шілде айының басында Қырым Республикасының Евпатория қаласында Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының жастар саясаты бойынша халықаралық семинары өтті. Ол жастардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың басым бағыттарына арналды. Бұған еліміздің мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен оның Ақтөбе облыстық филалы да қолдау көрсетті. Үлкен жиынға Қазақстан кәсіподағы атынан белсенді кәсіподақ мүшесі, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының  сектор меңгерушісі Мәншүк Молдажанова қатысып қайтты.

Әр аймақтан келген 120 қатысушы-өкілдер бүгінгі күнгі кәсіподақтардың алдында тұрған күрделі мәселелерді талқылады. Семинарда кәсіподақтың көшбасшысы қандай болу керек, әлеуметтік әріптестік, жұмысшы мамандығының беделін арттырудағы кәсіподақтың маңызы тәрізді сауалдарға жауап ізделді. Жұмыс тәжірибелері ортаға салынып, күнделікті өмірде кездесіп отыратын кадрлар мен мамандардың тапшылығы, кәсіподақ ісіне жастарды тарту, ұрпақ сабақтастығы әңгіме болды. Тренингтер өткізіліп, кәсіподақтың жұмыс барысында кездесетін проблемаларды шешу жолдары қарастырылды.

— Тоғызыншы халықаралық семинардың жабылу салтанатында маған да сөз берілді. Жиыннан өзім көп нәрсе үйрендім деп айта аламын. Кәсіподақ жұмысын нығайтудың сан алуан жолдарын ұққандай болдым, — деп семинар туралы әсерін ортаға салды Мәншүк.

 

А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button