Спорт

Алматы алға шықты

Чемпионат

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының облыстық көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған футболдан есту қабілеті нашар спортшылар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Бұл чемпионатқа Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Атырау, Ақтөбе қалаларынан есту мүмкіндіктері шектеулі спортшылар қатысты.

Чемпионаттың салтанатты ашылуында Ақтөбе қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі халықтық «Жалын» би ансамблі «Еркесылқым» биін билеп, «Қазақ саңыраулар қоғамының» мүшесі  Жалғас Жанат қол қимыл әдісімен ән шырқады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-орынды Алматы қаласы алды. 2-орынды Алматы облысының Талдықорған қаласы қанжығасына байласа, 3-орынды Астана қаласа иемденді. Қорытынды марапаттау рәсімінде жеңімпаз бен жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.

 

С.БАЙТУРОВА,

әдіскер.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button