Спорт

Дүбірлі доданың деректері

УЕФА-ның сараптаушылар тобы 11 шілде күні турнирдің символикалық құрамын анықтады.

Қақпашы: Руй Патрисиу (Португалия);

Қорғаушылар: Джошуа Киммих,  Жером Боатенг ( екеуі де — Германия), Пепе, Рафаэль Геррейро (екеуі де — Португалия);

Жартылай қорғаушылар: Тони Кроос (Германия), Джо Аллен, Аарон Рэмси (екеуі де  —  Уэльс);

Шабуылшылар: Антуан Гризманн (Франция), Димитри Пайе (Франция), Криштиану Роналду (Португалия).

*   *   *

 

Чемпионаттың үздік футболшысы — Антуан Гризманн. Ол 7 кездесуде 6 гол соғып, 2 рет нәтижелі пас берді. Ол турнирдің «Алтын бутсысына» лайық деп табылды.

*   *   *

 

Чемпионатта барлығы 51 кездесу өткізіліп, 108 гол (оның 8-і пенальтиден) соғылды.

Әр кездесуде орта есеппен 2,12 гол соғылды.

Ең үздік сұрмерген: Антуан Гризманн, 6 гол.

Ең нәтижелі кездесу: Франция-Исландия — 5:2.

Ең көп гол соққан құрама: Франция, 13 гол.

Еш гол соқпаған құрама: Украина.

Ең ірі есеп: Венгрия-Бельгия — 0:4.

Чемпионат барысында барлығы 11 пенальти белгіленіп, оның 8-і қақпаға енгізілді.

*   *   *

 

Ең үздік сұрмерген Антуан Гризманн (Франция) 6 гол соқты.

3 голдан соққандар: Альваро Мората (Испания), Оливье Жиру және Димитри Пайе (екеуі де — Франция), Гарет Бэйл (Уэльс), Криштиану Роналду және Нани (екеуі де — Португалия).

*   *   *

 

Биыл Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алғаш рет 24 ұлттық құрама қатысты. 1996 жылдан бері бұл додаға 16 құрама қатысып жүрген болатын.

*  *  *

 

Финалдық кезеңге қатысқан 24 команданың әрқайсысына 8 млн евро берілді.

Қосымша төлемдер:

Топтық кезеңде тең есеппен ойнағаны үшін — 500 мың евро;

Топтық кезеңде жеңіске жеткені үшін — 1 млн евро;

1/8 финалға шыққаны үшін — 1,5 млн евро;

Ширек финалға шыққаны үшін — 2,5 млн евро;

Жартылай финалға шыққаны үшін — 4 млн евро;

Жүлдегерлер — 5 млн евро;

Жеңімпаз — 8 млн евро.

Осылайша Португалия футбол федерациясы 25,5 млн евро алса, Францияға 23,5 млн евро тиесілі болды. Ежелгі көршіміз Ресей 8,5 млн евромен қанағаттанды (қатысқаны үшін — 8 млн евро, Англиямен тең ойнағаны үшін— 0,5 млн евро).

*   *   *

 

Биылғы жарысқа алғаш рет қатысқан 5 команданың төртеуі (Уэльс, Солтүстік Ирландия, Исландия, Словакия) топтық кезеңнен шығып, 1/8 финалда күш сынасты.

Исландия ширек финалға жетті.

Уэлс жартылай финалда тоқтады.

*   *   *

 

Бұл турнирде 3 гол соққан Криштиану Роналду бұған дейін 9 голмен Еуропа чемпионаттарының бас мергені болып келген Мишель Платиниді қуып жетті. Бұл жетістікке Роналду төрт чемпионатта қол жеткізді.

*  *   *

 

Чемпионаттың ең жас ойыншысы — португалиялық жартылай қорғаушы Ренату Саншеш. 1997 жылы 18 тамызда дүниеге келген ол бұл турнирде 6 ойынға қатысып, 1 гол соқты.

*   *   *

 

Чемпиондар:

1960 — КСРО

1964 — Испания

1968 — Италия

1972 — ФРГ

1976 — Чехословакия

1980 — ФРГ

1984 — Франция

1988 — Нидерланды

1992 — Дания

1996 — Германия

2000 — Франция

2004 — Грекия

2008 — Испания

2012 — Испания

2016 — Португалия

Осылайша Германия мен Испания үш реттен, ал Франция екі рет Еуропа чемпионы атанды.

*   *   *

 

2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі Еуропаның 13 қаласында өткізілетін болады:

Бильбао, Будапешт, Брюссель, Глазго, Копенгаген, Бухарест, Амстердам, Дублин, Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург, Рим, Лондон.

Жартылай финалдық ойындар мен финалдық кездесу Лондондағы  90 652 адамдық «Уэмбли» стадионында өткізілмекші.

 Әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button