Білім

Үздік нәтижелер

Фестиваль

 Аудан көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар фестивалі-2016» қоғамдық-көпшілік шарасы  биылғы мектеп бітірушілердің «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты дәстүрлі мерекесімен  бірге өтті. Орталық стадионға жиналған алғалықтар мазмұнды мереке барысында  үздіктерді марапаттау рәсімін, концерттік  бағдарлама мен  үлкен экраннан көрсетілген аудан  мектептерінің   жетістіктерін тамашалады.

Биыл аудан бойынша 386 оқушы мектепті аяқтап, оның 14-і «Алтын белгі», 22-сі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бір оқушы ең жоғары 123 балл алып, 100-ден жоғары балл иеленген 127 оқушы  білімділер қатарын толықтырды. Облыс  бойынша  ҰБТ  нәтижесінде  96,4 орташа  балмен  Алға ауданы  алдыңғы орыннан  көрінді.

Жастар фестивалін  құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі  Мавр Абдуллин жаңа өмір белесіне  бет алған  мектеп  түлектеріне  сенім артып, көпшіліктің ақ жол тілеген  жылы  лебізін  жеткізді.  «Үздік аттестат» иелеріне  аудан  әкімінің  қолынан арнаулы Алғыс хаттар мен бағалы естелік  сыйлықтар  табыс етілді. Аудан басшысының мерекелік марапатынан ауданның  әр  саласында  белсенді  еңбегімен,  спорттағы және  өнердегі  жетістіктерімен танылған 15 жігерлі жас өкілдері де құр қалмады.

Кештің мәдени көркемдік жағына аудандық жастар ресурстық орталығының ерікті жастарынан құралған флешмоб өз үлестерін қосты.

 Әсел  АБДУЛИНА,

Алға  ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button