АуылӘлеумет

Тұрмыс түзеуге көмектесетін жоба

Мемлекеттік бағдарлама

 

Елімізде тұрмысты түзеудің тағы бір жолы ашылды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың ішінде еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмысқа шақырып, жұмыс беруді мақсат еткен пилоттық жоба — «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше өңірде тәжірибеге енгізілді.

Біздің ауданда да осы жобаға қатысып, өз ісін бастауға мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер алғандар бар.

Атап айтар болсақ, Ырғыз селосының тұрғыны Алмагүл Амандық «Өрлеу» жобасына қатысып, тігін машинасын алып, өз ісін бастап кетті.

Алмагүлдің қолымен жасалған тұрмысқа қажетті көрпе-көпшік, қыз жасауы сынды тігін бұйымдары бұл күнде тұтынушылардың сұранысына ие. Оң саусағынан өнер тамған Алмагүл қазір тігіншілікті жолдасы Саламат Тапалов екеуінің отбасылық бизнесіне айналдырып, игі бастаманың игілігін көріп отыр.

Бір сөзбен айтсақ, «Өрлеу» бағдарламасының отбасына табыс әкеліп, тұрмысты түзеуде тигізер көмегі көп.

С.ШӘУЕНОВ,

Ырғыз аудандық жұмыпен қамту орталығының  маманы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button