Экономика

16 миллиард теңгелік 7221 мүлік жария етілді

Ақтөбе қаласында мүлікті жария ету барысында 16 млрд теңгелік 7221  мүлік жария етілді.

Мүлікті жария ету Заңының 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылуына байланысты комиссия құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясына 2016 жылдың 13 маусымындағы ақпаратына сәйкес комиссияға 4492 арыз келіп түсті, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үйлерді, қосымша құрылыстарды және де коммерциялық объектілерді жария ету бойынша мәселелер бар. Келіп түскен арыздардың ішінде, жалпы 4432 арыз қаралды.

3451 арыз бойынша мүлік жария етілді, 977 арыз түзету үшін қайтарылды, 4 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 60 арыз комиссияда қаралуда.

2016 жылдың 13 маусымындағы ақпаратқа сәйкес Ақтөбе қаласында мүлікті жария ету барысында 16 млрд теңгеге 7221  мүлік жария етілді.

Құжаттарды қабылдау күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 (қалалық әкімдік ғимараты), 1-қабат, №3 кабинетте, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізуде.

Ақтөбе қаласы әкімдігінде тұрғындар мүлікті жария ету бойынша республикалық науқанды өткізу талаптары мен тәртібі жөнінде түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрғындарға хабарлау мақсатында қазіргі күнге дейін мүлікті жария ету комиссиясымен Ашық есік күндері, БАҚ-та мақала жариялау, радиоға және де телебағдарламаларға шығу, қалада автобус аялдамаларында, қоғамдық автокөліктерде, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда жадынамалар, сонымен қатар билбордтар орналастырылған.

 Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button