Спорт

Қазақстан олимпиаданың 98 жолдамасын жеңіп алды

13 маусым күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарланды.

Сонымен, жеңіл атлетикадан еліміздің еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден —  11, бокс (ерлер) — 10, ауыр атлетика — 10, еркін күрес — 5, әйелдер күресі — 4, оқпен ату — 4, теннис — 3, грек-рим күресі — 3, таэквондо — 3, дзюдо (ерлер) — 3, дзюдо (әйелдер) — 2, әйелдер боксы —  2, велошоссе — 2, садақ атудан 2 жолдама бар.

Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден — 2, мәнерлеп жүзуден — 1, жүзу — 2, қазіргі бессайыс — 1, стендтік ату — 1, велотрек — 1, семсерлесу — 1, үстел теннисі — 1, көркем гимнастика — 1, еспе слалом — 1, батутта секіру — 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеңіп алды.

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Олимпиаданың 98 жолдамасына ие болды.

«ҚазАқпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button