Экономика

Бағдарлама тиімділігі түсіндірілді

Семинар

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаланың бес селолық округінде ауыл кәсіпкерлеріне арналған «Ауылдық жерде кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың тиімді механизмдері» тақырыбында көшпелі оқыту семинарлары өтіп жатыр.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанованың айтуынша, семинар өкілетті органдар мен екінші деңгейлі банктердің өкілдерінің қатысуымен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік қолдау бағдарламасының тиімділігін түсіндіру және консультативті көмек көрсету мақсатында жүргізіліп отыр.

Благодар селолық округінде өткен семинар шеңберінде қатысушыларға мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндірумен қатар, қазіргі таңда ауылдарда бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлер мен жасы 29-ға дейінгі жас кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы орган мен «Даму» қорының қаражаты есебінен 8,3 пайыз банктік пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру жүзеге асып отырғандығы жете айтылды.

Сонымен қатар, шара барысында авторлық баспа мен «100 ғажап» шеберлік студиясының директоры Жанар Куртаева мен «Әсемдік мектеп-шеберлігі» студиясының директоры Әйгерім Нұрғалиева шеберлік сыныптарын өткізді.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жер телімін алу, жер телімінің нысаналы мақсаттылығын өзгерту, санитарлық нормаларды сақтау және сәйкестілігі сияқты өздерін қызықтыратын сауалдарға мемлекеттік органдардың өкілдерінен жауап алды.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button