Ауыл

96-шы жылғы түлектер көшет екті

Тазалық айлығы

Хромтау ауданындағы Тасөткел орта мектебі де тазалық айлығына өз үлестерін қосып жатыр.

Мектеп мұғалімдері бастаған топ әр бейсенбі және сенбі күндері мектептің ауласы мен ауыл саябағын, ескерткіш маңын тазартып жүр, тал және гүлдер егуді де әдетке айналдырды.

Тасөткел орта мектебінің 1996 жылғы түлектері де акцияға атсалысып, мектеп ауласына жиырма көшет екті. Жалпы, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ауыл адамдарының әрқайсысы бір кісідей сенбілікке шығып, жасыл желектерді күтіп-баптау мен тазалықты сақтауға өз үлестерін қосуда.

 Ақжарқын БЕГЕЖАНОВА,

Тасөткел орта мектебінің тәлімгері.

Хромтау ауданы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button