Ауыл

Ойылдың көшелеріне газ құбыры тартыла бастады

Көгілдір отын

 Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде Ойыл селосының ішіне газ құбырын жүргізетін мердігерлер тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында мердігер компанияның өкілдері мен арнаулы мамандар құрылыс талаптарын түсіндірді.

Көршілес Байғанин ауданының шекарасынан Ойылға дейін тартылған құбыр былтыр ауылдың шетіне келді. Содан кейін көшеішілік құбырларды жүргізу үшін бөлек тендер өткізілді. Сол тендердің жеңімпазы — «Kaz Best Servise GROUP» акционерлік қоғамы. Осы компанияның өкілі Дарын Атамбай алдымен компания туралы түсінік берді. Еліміздің батыс өңірінде ғана емес, Қазақстанның әр түкпріндегі осы саладағы құрылыста өзіндік қолтаңбасы бар компания екенін ұқтық. «Селоның бас жоспары бойынша жасалған құрылыс жобасының жолында кездесетін кедергілерді жою жұмыстың үзіліссіз, кідіріссіз жүруінің кепілі», — деді ол. Дарын Қылышбайұлының айтуынша, кедергі дегенде, ең бастысы — тұрғын үйлердің қақпалары, дуалдары, терезе алдындағы қоршаулары белгіленген шекарадан шығып кеткен. Демек, осындай «шығып кеткендер» қақпаларын, қоршауларын шегеруге тура келеді. Өйткені бұл жұмыс қазан айына дейін аяқталуы тиіс. Ал одан кейін үй-үйге тарту жұмысы жүреді. Ол жұмысқа дайындық жайын Ақтөбе газ шаруашылығы мекемесінің директоры Қуаныш Ахметов түсіндірді. Бұл жерде басты мәселе — тұрғын үйдің құжатының дұрыстығы. Сонымен қатар, арнаулы мамандар газ плиталары мен жылыту қазандықтары қойылатын жердің талаптары туралы айтты. Көптің көкейінде жүрген тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Ал ең бастысы, құжаттарды дайындау, рұқсат алу, бәрі де аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Ойыл селосында жүзеге асырылады. Ол үшін Ойыл селолық округінің ғимаратынан бір бөлме бөлініп, арнаулы мамандар кеңес береді, түсіндіреді, құжаттарды рәсімдейді. Яғни ешкім жеке-жеке Ақтөбе қаласына жүгірмейді.

Кездесуден соң мердігерлер жұмысты бастауға белгі беріп, арнаулы лентаны қиды. Құдай жолына құрбандық шалып, ас беріп, ауыл ақсақалдарының батасын алды.

 С.ХАМЗИН,

Ойыл ауданы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button