Ауыл

Зейнеткерлер ағаш екті

Республикалық «Ағаш отырғызу күні»  акциясына Ырғыз селосының тұрғындары белсенділікпен қатысып, жекелеген ғимараттарға, көшелерге ағаш екті.

Т.Жүргенов көшесінің бойына 20 түп қарағай мен 50 түп терек, Ұ.Құлымбетов көшесінің аудан орталығынан шығаберіс жол бойына 200 түп қайың егілді.

Сонымен қатар  өткен жылы «Ырғыздың іргетасы қаланғанына — 170 жыл» мерейтойлық мерекесін атап өту кезінде кәсіпкер  азаматтардың қолдауымен ашылған спорт алаңы биыл аудан тұрғындарына кең көлемде қызмет көрсетпекші.  Алаңға ардагерлердің қатысумен түрлі ағаш көшеттері егілді. Өз қолдарымен 50 терек, 100 үйеңкі отырғызған зейнеткерлер игі бастаманы қолға алып жатқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

 Т.БЕКЖАНҰЛЫ,

Ырғыз ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button