Ауыл

Мешіт ауласының сәні артпақ

— Ислам діні мұсылманнан өзін қоршаған ортасын қорғауды, таза ұстап, көгалдандыруды талап етеді.

Өткен сенбіде мектеп оқушылары Алланың үйінің айналасын қоқыстан тазартып берсе, тағы бір сауапты істі аудандық орман шаруашылығы басшысы Абай Тажиев бастаған жұмысшылар тобы тындырды.

Мекеме қызметкерлері аудандық орталық мешіттің ауласына арнайы келіп, 15 терек, 15 қайың, 10 қарағай, 15 түп қарақат және аулаішілік жолдың сәнін келтірер 300-ден астам майда қарағаш көшеттерін отырғызды. Тал-теректер бой алып кетсе, мешітке келуші мұсылман қауымға аптап ыстықта сая болары сөзсіз.

— Мұндай игілікті іске бет бұрып, мешіттің айналасын көгалдандыруға қосып жатқан үлестері үшін мың алғыс. Ендігі міндет — жас теректердің жапырақ жайып кетуіне күтім жасап, суғару мен мал жеп кетуден қорғау. Жылдар өткен соң, ағаштар өсіп адамға сая, ауаның тазаруына дауа болса, мақсаттың орындалғаны сол болар, — дейді имам Бахрам Рафатдинов.

Аманат ҚАЛПИЕВА,

 Мәртөк ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button