Ауыл

Аталар акцияға атсалысты

Қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» дейді. Осы мақалдың растығына сан мәрте куә болып жүрміз.

Ойылдың орманын құмның ортасына қарағай еккен біздің аталарымыздың өзі «біздің бала күнімізде осындай орман еді…» деп әңгімелеп отыратын. Осы қағидаға сүйенген ауыл ардагерлері өткен сенбідегі «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» орай Ойылдың кіреберісіне тал екті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлескен акцияға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақеділ Маханов бастаған аталар  белсене атсалысты. «Немере-шөберелерге сая болсын!» – деген аталар «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін» жыл сайын ұрпақтар сабақтастығымен ұштастырып, дәстүрге айналдыру керектігін айтты.

С.ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button