Денсаулық

386 қоңырау

Жедел жәрдем

Соңғы уақытта қала тұрғындары арасында жедел респираторлы вирусты инфекция бойынша жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер саны көбейген. Ақтөбе қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті мамандарының мәліметінше 25-31 қаңтар аралығында 386 қоңырау түскен. Оның 314-ті балаларға қатысты болып отыр.
Жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанат Қошетованың айтуынша, күн райының құбылуына байланысты балалар арасында аурушаңдық өскен. Мәселен, 18-24 қаңтар аралығында түскен 376 қоңыраудың 297-сі балаларға қатысты болған.
Сондай-ақ соңғы жылдары гипертония ауруы бойынша да жедел жәрдем көлігін шақыратындар көп. Мәселен, 25-31 қаңтар аралығында қан қысымы көтерілген 436 адам бекетке қоңырау шалған.
— Ауа райы қалыпты болған жағдайдың өзінде де гипертониямен қоңырау шалатындар көп, — дейді Гүлжанат Қошетова.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button