Экономика

Жыл өтті. көрсеткіштер қандай?

Статистика

Облысымыздың 2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ақшалай табыс

2015 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62 534 теңгені құрады.
Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 0,5 пайзға, нақты ақшалай табыстар үшін 2,8 пайызға төмендеген.

Жұмыспен қамту

2015 жылғы желтоқсанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,2 мың адамды құрады, бұл экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызын құрады.

Тұтыну

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 112,2 пайыз құрады.
Бағалар азық-түлік тауарларына — 10,3 пайызға, азық-түлік емес тауарларға — 20,1 пайызға, ақылы қызметтерге 6,9 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,4 пайызға төмендеді.

Жалпы өңірлік өнім

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте жедел деректер бойынша өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағалармен 1 216,6 млрд. теңгені құрады.
2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 1,6 пайызға төмендеді.

Инвестиция

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 350,0 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 34,9 пайызға аз.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2016 жылғы 1 қаңтарға 14 480 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға артты.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 9190 немесе тіркелгендер санына қатысты 63,5 пайыз құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санының 97,6 пайызын және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,3 пайызды құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11 788 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,6 пайызға артты.

Сауда

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 414,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,1 пайызға өсті.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға көтерме сауда көлемі 604,0 млрд. теңгені құрады. 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 10 865,7 млн. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2 пайызға азайды.
2015 жылғы қаңтар-қарашада облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 812,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 31 пайызға төмендеді, оның ішінде экспорт — 325,2 млн. АҚШ долларын (24,6 пайызға аз), импорт 487,5 млн. АҚШ долларын құрады (34,7 пайызға аз).

Өнеркәсіп

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 984,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,4 пайызға кем.
Өңдеу өнеркәсібі — 0,1 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 5,2 пайызға артты. Ал өндіріс көлемі кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда — 6,4 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 16,7 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 142,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 6097,1 млн. тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға өсті.
Жолаушылар айналымының көлемі 14153,4 млн. жүк-километр құрап, 2,9 пайызға артты.

Қаржылық нәтиже

2015 жылғы III тоқсанда ірі және орта кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі залал ретінде 224 279 млн. теңге сомасында анықталады. Пайдалылық деңгейі 27,1 пайыз құрады.
Есеп берген кәсіпорындардың ішіндегі жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі — 38,8 пайыз.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button