Ауыл

Жәрмеңке жұртты жинады

Аудандық Мәдениет үйі алдындағы алаңқайда сенбілік жәрмеңкелер өткізілуі биылғы күздің басынан бері дәстүрге айналды. Мұнда көкөніс, басқа да бау-бақша өнімдерімен қатар сүт және одан жасалатын тағамдар молынан ұсынылады.
Фермерлер мен кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері сауда қатарларын көптеп толықтыруда. Олар жаз бойғы өнімдерінің өткеніне, ал тұтынушылар қысқа дайындық жасап алғандарына қуанышты.
Дмитириевка селосының тұрғыны Елена Галата әр жәрмеңке сайын базарға құс етін әкеледі. Ал ерлі-зайыпты Дейналар тұрғындарға пималардың түр-түрін ұсынуда. Жәрмеңкеде бұзау, шошқа еті сұранысқа ие.
«Березовка» шаруа қожалығының, «Родники» ЖШС-ның өнімдері базар сәнін келтіруде.
Қысқасы, жергілікті жәрмеңкеден қажетіңізді табасыз. Үй шаруасына керекті ұсақ-түйектерге дейін осында.
Бір атап өтерлігі, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер облыс орталығындағы «Табыс» жәрмеңкесіне де тұрақты түрде қатысуда.

Елена ОНИСЬКОВА,
Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button