Спорт

Футбол

ЕСЕП: 12:3

Өткен жексенбіде «Мұнайшы» стадионында «Ақтөбе» футболшылары өз жанкүйерлерімен жолдастық кездесу өткізді.

Айта кетер жайт, бұл ойын қайырымдылық шарасы ретінде ұйымдастырылды. Ойынды тамашалауға келген жанкүйерлер арнайы қойылған жәшіктерге ақша салды. Жиналған қаражат науқас сәбилердің ем-домына жұмсалмақ.

«Ақтөбенің» кәсіби ойыншылары «Ақтөбе жанкүйерлерінің ресми тобы» және «13 сектор» жанкүйерлерінен құралған топқа қарсы ойнады. «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Иоан Андоне төрешілік еткен, осы клубтың жанкүйерлермен жұмыс жасау бөлімнің маманы Асылбек Қуанышевтың ұйымдастыруымен өткен кездесу кәсіби ойыншылардың пайдасына 12:3 есебімен аяқталды.

Ойыннан кейін жанкүйерлер «Ақтөбе» футболшыларымен суретке түсіп, қолтаңбалар алу мүмкіндігіне ие болды.

Жанкүйерлер мен ойыншылар арасындағы байланысты нығайту мақсатында алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Әйгерім БИСЕНАЛИНА.

 

 

«АҚТӨБЕНІҢ» ҚАРСЫЛАСЫ — «БЕШІКТАШ»

Жасөспірімдердің клубтық құрамалары арасында УЕФА Чемпиондар лигасының жарысы өте бастағаны мәлім. 2013/2014 жылы «Барселона» жасөспірімдері жеңімпаз болса, 2014/2015 жылғы додада «Челсидің» бағы жанған.

Бұл жастағылардың арасында Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» жасөспірімдері екендігі мәлім.

Дүйсенбі күні Швейцарияның Ньон қаласында 2015/2016 жыл ойындарының алғашқы кезеңнің жеребесін тарту рәсімі өткізіліп, жас жерлестерімізге қарсы Түркияның «Бешікташ» командасының жасөспірімдері ойнайтыны белгілі болды.

Алғашқы кездесу 29/30 қыркүйек күні Қазақстанда өтсе, қарымта ойын 20/21 қазанда Түркияда өтеді.

Бірінші кезеңде 32 команданың арасында жеңіске ие болған 16 команда екінші кезеңге жолдама алады.

 

ҮШ ФУТБОЛШЫМЫЗ ШАҚЫРЫЛДЫ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу туринирі аясында 3,6 қыркүйек күндері Чехия және Исландия құрамаларымен сынға түсетін футболшыларымыздың толық тізімін жария етті.

Бұл құрама сапында ақтөбелік үш ойыншы бар: қақпашы Стас Покатилов, қорғаушы Юрий Логвиненко, шабуылшы Сергей Хижниченко.

А.ДАСТАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button