Білім

Спорт костюмдерін табыс етті

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында тағы бір ізгі шара облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында өтті. Аталған басқарманың энергетика бөлімінің бас маманы Мария Хәкімова осы оқу жылында №30 мектепке 3-сыныпқа баратын Айсұлтан мен бірінші сыныпқа баратын Айнагүлге алған спорт костюмдерін әкесі Жаңабек Жалғасбекке табыс етті.

Ал облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталғаннан бері барлығы 752 балаға көмек берілген, жұмсалған қаржы көлемі – 9 829 217 теңге. Акция барысында департамент мамандары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесіп 14 рейд жүргізген.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button