Ресми

Құрметті ақтөбеліктер!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан он төрт жыл бұрын, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы республикалық референдумда бүгінгі күні де біздің мемлекетіміздің дамуын айқындап отырған еркіндік пен демократия пайдасына тарихи таңдау жасай отырып, еліміздің қолданыстағы Негізгі Заңы үшін дауыс берді.

Біздің конституциялық заңдылықтарымыз тарихында тұңғыш рет адам мен азаматтың өмірі, құқығы мен бостандығы, ар-ожданы мен қадір-қасиеті     жоғары құндылық болып жарияланды.

Қазіргі қолданылып отырған еліміздің Конституциясы біздерге терең экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси қайта құрылымдардың да ауқымды жолынан өтуге мүмкіндік берді. Оның негізінде азаматтардың еркіндігі мен құқығына кепілдік беретін, нарықтық экономика жағдайындағы ел – жаңа Қазақстанның берік тұғыры қаланды.

Бүгінгі күні біздің Конституциямыз және заңдарымыз адам үшін жай ғана жұмыс істемейді, сонымен қатар оның шығармашылық, жасампаздық күш-қуатын жандандырады, кәсіпкерлік белсенділіктерін ынталандырады деп айтуға барлық жағынан да негіз бар.

Қазақстанның бүгінгі күні қол жеткізген табыстары мен игерген шептері әрбір қазақстандық азамат үшін айырықша мақтаныш болып табылады.

Ақтөбе облысының халқы біздің еліміздің жасампаздық істеріне елеулі үлес қосуда. Біз саяси тұрақтылық пен бірігу сезіміне, патриотизм рухына тірек жасай отырып, еліміз бен облысымыздың гүлденуі, азаматтарымыз бен әрбір отбасының бақуатты тіршілік кешу мәселелерін мақсатты түрде шешу мүмкіндігіне ие болдық. Аймақтың бүгінгі экономикалық ахуалы – біздің сіздермен бірігіп қол жеткізген ортақ табысымыз.

Облыстың әрбір тұрғынының жемісті жасампаздық жұмысы Қазақстан Республикасының лайықты болашағын қамтамасыз ете отырып, конституциялық нормалар мен принциптерді әлі де толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін.

Барлығыңызға біздің Отанымыздың игілігі жолындағы еңбекте табыстар мен игіліктер, мықты денсаулық тілеймін!

Облыс әкімі           Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button