Ресми

21, 22 наурыз күндері Ақтөбеде Наурыз мерекесіне орай «Армысың, Ұлы Наурыз» атты мәдени-көпшілік шаралар өтеді  

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары, Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтай отыра, 21 және 22 наурыз күндері сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін қаламыздың мәдени-демалыс алаңдарында өтетін мәдени көпшілік шараларға шақырамыз.

ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алаңында, «Мега Ақтөбе» ойын-сауықтық сауда орталығы алаңында, А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағында,  «Ретро» демалыс саябағында, «Авиатор» саябағында және де  «Металлургтер» мәдениет үйі алаңында қазақ халқының тарихи тұлғаларының есімдерімен аталған ауылдар ұйымдастырылып, безендірілген ағаш үйлер орнатылады. Жоғары және арнайы орта оқу орындарының,  мәдениет мекемелерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарының мерекелік бағдарламалары ұйымдастырылып, наурыз көже мен бауырсақ таратылады. Мерекеге орай 24 кафе мен мейрамханалар мереке қонақтарына 3 тонна бауырсақ пен 1000 литр наурыз көже әзірлейді.

  1. Әбілқайыр хан ауылы — ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы

мәдениет және демалыс саябағы

 

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен Наурыз туралы әсем әндер қосылып тұрады.

11.00-11.30 Мерекенің салтанатты ашылуы. «Армысың, Ұлы  Наурыз» атты мерекелік театрландырылған қойылым.

Жауапты: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры  және қалалық мәдениет үйі.

11.30-13.00  «Наурыз – берекенің бастауы» атты «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің және этномәдени орталықтарының мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық  Достық үйі.

13.00 – 14.00 «Бақ-берекем, құт-мерекем – Әз Наурыз!»  атты театрландырылған мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

 

  1. «Қобыланды батыр» ауылы – Орталық стадион алаңы

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен Наурыз туралы әсем әндер қосылып тұрады.

11.00-12.00 «Жыл басы — Наурыз!» атты татар халқының дәстүрі бойынша Наурыз мейрамымен театрландырылған мерекелік құттықтауы, көрініс, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

12.00-13.00 «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Ғ.Жұбанова атын. облыстық филармония.

13.00-14.00  «Наурыз құтты болсын, достар!»  атты театрландырылған мерекелік бағдарлама, ұлттық ойындар, викториналық сұрақтар.

Жауапты: «Достар алаңы» қоғамдық бірлестігі.

 

  1. «Достық ауылы» — «Мега Ақтөбе» ойын-сауықтық сауда орталығы алаңы

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен Наурыз туралы әсем әндер қосылып тұрады.

11.00-12.00 «Наурыз-думан»  атты әзірбайжан халқының дәстүрі бойынша  Наурыз мейрамымен театрландырылған мерекелік құттықтауы, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

12.00-13.00 «Жаңа жыл келді  жадырап»  атты  өзбек халқының дәстүрі бойынша  Наурыз мейрамымен театрландырылған мерекелік құттықтауы, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: Ақтөбе политехникалық колледжі.

13.00-14.00 «Қой жылы той жылы болғай!» атты театрландырырылған мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: облыстық «Алақай» қуыршақ театры.

 

  1. «Әйтеке би ауылы» — А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен Наурыз туралы әсем әндер қосылып тұрады.

11.00-12.00 «Қош келдің, мерейлі Әз Наурыз!» атты театрландырылған мерекелік бағдарлама, ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: облыстық халық шығармашылығы үйі.

12.00-13.00 «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!» атты театрландырылған көрініс, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық    сұрақтар.

Жауапты: Ақтөбе кооперативтік колледжі.

13.00-14.00  «Ата – салты, Әз Наурыз!» атты халықтық ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің, «Наурыз», Халықтық «Сұңқар»,халықтық «Інжу» вокалдық топтарының және «Ақтөбе» вокалды-аспаптық ансамблінің мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: қалалық мәдениет үйі.

 

  1. «Әлия Молдағұлова ауылы» — «Ретро» демалыс саябағы

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен Наурыз туралы әсем әндер қосылып тұрады.

11.00-12.00 «Наурыз айы туғанда» атты театрландырылған көрініс, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: Ақтөбе медициналық колледжі.

12.00-13.00  «Бақ-берекем – Әз Наурыз» атты қырғыз халқының дәстүрі бойынша Наурыз мейрамымен театрландырылған мерекелік құттықтауы, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: Ақтөбе көлік  коммуникация және жаңа технология колледжі.

13.00-14.00 «Наурыз шапағаты» атты мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.

 

  1. «Бөкенбай батыр ауылы» — «Авиатор» саябағы

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен Наурыз туралы әсем әндер қосылып тұрады.

11.00-12.00 «Ұлыс тойы — нұрлы күн» атты тәжік халқының Наурыз мейрамымен театрландырылған мерекелік құттықтауы, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және колледжі.

 

12.00-13.00  «Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайық!» атты театрландырылған көрініс, мерекелік бағдарлама және ұлттық ойын, викториналық сұрақтар.

Жауапты: Ақтөбе  Қазақ-орыс халықаралық университеті.

 

  1. «Есет батыр ауылы» — Металлургтер мәдениет үйі алаңы

10.00-11.00 Күмбірлеген күйлер мен наурыз туралы әсем  әндер қосылып тұрады.

11.00-14.00 «Наурызым — нұрлы ырысым» атты мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Металлургтер мәдениет үйі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button