Экономика

Алғашқы айдан соң

Статистика

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы жылғы қаңтардағы қысқаша қорытындылары

Өнеркәсіп

2015 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 74 154,3 миллион теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,1 пайызға артық.
Көрсеткіштер өңдеу өнеркәсібінде — 13,8 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда — 47,4 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 4,3 пайызға артты.
Ал кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,2 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

Биылғы жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 4943,5 миллион теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,1 пайызға көбейді.

Инвестиция

Үстіміздегі жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7536,7 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 39,6 пайызға аз..

Жүк айналымы

Ағымдағы жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 459,4 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға өсті.
Жолаушылар айналымының көлемі 1081,9 миллион жүк-километр құрап, 1,4 пайызға артты.

Сауда

2015 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 24464,3 миллион теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 6,4 пайызға өсті.
Биылғы жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 186 697,2 миллион теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,8 пайызға артты.
Үстіміздегі жылғы қаңтарда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 687,2 миллион теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша өзара сауда бойынша тауар айналымы 1262,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 15,6 пайызға аз болды, оның ішінде экспорт — 460,8 миллион АҚШ долларын (13,3 пайызға аз), импорт — 801,5 миллион АҚШ долларын құрады (16,9 пайызға аз).

Баға

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,4 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар — 0,8 пайызға, ақылы қызметтерге — 0,4 пайызға артты.
Азық-түлік емес тауарларға бағалар өткен ай деңгейінде қалды.
Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,3 пайызға төмендеді.

Табыс. Айлық

2014 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 72 969 теңгені құрады. Өсім 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 6,9 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін 0,2 пайыз құрады.
2014 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 135 787 теңгені құрады. 2013 жылғы желтоқсанға қарағанда 6,3 пайызға өсті.
Нақты жалақы индексі 2013 жылғы қарашаға 99,7 пайыз құрады.

Жұмыс

2015 жылғы қаңтардың аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,2 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,02 пайызын құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2015 жылғы 1 ақпанға 13 847 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8347 немесе тіркелгендер санына қатысты 60,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 97,5 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 95,8 пайыз құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 10 986 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға артты.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button