Спорт

Алтын медаль әкелді

Облыстық Алға балалар үйінің оқушылары Виктория Симбирская мен Надежда Колесова ІІІ Еуразиялық спорттық ойындар жарысында еліміздің намысын қорғап, чемпион атанды. Алтын медаль иеленді.

Алматыда өткен жарысқа Еуразия экономикалық ынтымақтастығы Интеграциялық комитетінің келісіміне сәйкес, бес мемлекеттің (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) 1996-2000 жылдары туған жас спортшылары қатысқан болатын. Жасөспірімдер арасындағы бұл спорт ойнындарының бағдарламасына қазақ күресі, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, қыздар күресі, дзюдо, самбо, таэквондо, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, жүзу спорты, көркем гимнастика, спорттық гимнастика сынды 13 спорт түрі енгізіліп, онда 232 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Сайыста Виктория Симбирская (30 келі) мен Надежда Колесова (32 келі) еркін күрестен бақ сынады.

Айта кету керек, Еуразиялық спорттық ойындарының біріншісі 2007 жылы Брест қаласында (Беларусь) өтті. Ал екіншісі Татарстанның Қазан қаласында (Ресей) ұйымдастырылды.

 

Г.АЛЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button