Спорт

Асхаттың қола медалі

Грек-рим күресінен ақтөбеліктердің соңғы жылдары жолы болыңқырамай жүр еді. Жақында Тайландта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған Асхат Құдайбергенов бір қуантты.

– Асхат 55 килограмм салмақта сынға түсіп, Азияның мықты балуаны жапон жігітінен жеңіліп қалды, – дейді грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Аманғазы Ізбай. Мұны жақсы жетістік деуге болады. Себебі жеңілдеу салмақта балуандар да көп, шеберліктері де жоғары. Әсіресе, ирандармен, жапондармен, корейлермен күресу қиын соғады. Демек, жерлесіміздің жүлдесін жоғары бағалауға болады.

Асхат күресті Шалқардағы әйгілі В.Цеханович атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастаған. Ол күрестің «әліпбиін» алғаш үйреткен жаттықтырушысы марқұм Шыңғыс Қазымбетовтің еңбегін есінен шығармайды. 2006 жылы АҚШ-та өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында чемпион атанды. Биылғы наурызда Қазақстан біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. Енді қыркүйекте Данияда болатын Әлем біріншілігіне үміткерлердің сапында аталуда.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button