Денсаулық

Адал еңбек иесі

Нәзипа Әлімбаева медицина жолын атақ пен табыс үшін емес, жүрек қалауымен таңдады. Отыз жылдан астам уақыт білікті педиатр болып еңбек етті. Уақыт талабына сай ізденістен танбай, кейін қайта даярлықтан өтіп, аллерголог мамандығын меңгерді. Қазір де ол «адам жанына араша болуды өмірінің мәні деп санайтын қалпынан еш айныған емес. Ең бастысы,өз ісіне адал, жауапкершілігі биік дәрігер болып қызметін жалғастырып келеді.

Қызмет пен сенімнің үйлесімі

Нәзипа Әлімбаева отыз жылдан астам уақыт кішкентай науқастардың дертіне дауа іздеп, кейін аллерголог ретінде де абыройлы еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол өз мамандығының басты қағидатынан — адамға жанашырлықпен қарап, әрбір қойылған диагноз үшін толық жауапкершілік алудан бір сәт те айныған емес. Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанған дәрігермен әңгіме барысында оның ұстанымы айқын сезіледі. Яғни ол дұрыс қойылған диагноз науқастың дәрігерге деген сенімін арттырып, емнің нәтижелі болуына ықпал ететінін айтады.

Бір кездері ауыр дерт жақын туысының өмірін жалмап, оның жүрегінде өшпес із қалдырған еді. Кейіпкеріміз мектептегі кезін еске алғанда, ағасының ұзаққа созылған сырқаты мен сол кездегітуыстарының дәрменсіз күйі әлі күнге дейін жанын толқытатынын айтады. Сол бір ауыр кезең оны медицина жолына түсуге жетеледі.

Алға орта мектебін күміс медальмен аяқтаған Нәзипа алдағы уақытта кім болатынын ерте айқындады. Мұны оның өзі де, ата-анасы да, тіпті кластастары да сезетін. Өйткені ол жоғары кластан бастап-ақ дәрігер болу арманын жасырмай айтып, мақсатын нық ұстанып өсті.

Нәзипа Асанқызына ағасы Алматы мемлекеттік медицина институтын таңдауға кеңес береді.Кейін ол өзінің білімге деген құштарлығын дәлелдеп, профильдік пәндер — биология мен химиядан емтихандарын сәтті тапсырып, бала күнінен қалаған оқуына қабылданады.Студенттік жылдар Нәзипаүшін ең жарқын, есте қаларлық кезең болды. Курстың негізгі құрамын еліміздің әр түкпірінен келген дарынды жастар құрады. Уақыт өте келе олардың көпшілігі медицина саласында үлкен белестерді бағындырып, жоғары деңгейдегі кәсіби маманға айналды.

Курстас достарыммен әлі күнге дейін тығыз араласамыз. Біздің қатарымызда профессорлар, ғылым докторлары, университет ректорлары, бұрынғы денсаулық сақтау министрі, халықаралық деңгейде танылған медицина саласының тұлғалары бар. Біздің буын әлі де белсенді қызмет етіп, келеді, жоғары сұранысқа ие, — деп мақтанышпен әңгімелейді мерейтой иесі.

Бүгінде бұл буын жарты ғасырдан астам уақыт түрлі мамандықтағы дәрігер ретінде қызмет етіп келеді. Осыншама уақыт пен жер шалғайлығына қарамастан,арадағы байланыс үзілмеген.Интернеттің арқасында кәсіби тақырыптарды талқылап, диагноз жөнінде пікір алмасып, үнемі бір-біріне кеңес беріп отырады.

Кейіпкеріміз әңгіме барысында студенттік шақты, әсіресе туған жері Алғаға жас маман ретінде келген алғашқы жылдарды ерекше тебіреніспен еске алды.

Қазір сол шақтар мен үшін ең жарқын әрі керемет кезең болды деп ойлаймын. Өйткені практика, емтихандар, талапшыл, бірақ қамқор ұстаздар, еліктеушілік, кейде олардан артық болғың келетін сезім, міне, осының бәрі — қызық әрі жүрекке жылылық ұялататын естеліктер, —  дейді ол.

Жас маманға астанадағы ірі ауруханада жұмыс істеу мүмкіндігін уақытша ұмытуға тура келді. Өйткеніата-анасы қызының үйге жақын жерде жұмыс істегенін қалады. Осылайша, жас педиатр аудандық ауруханада еңбек жолын бастайды. Кейін тұрмысқа шыққан соң жолдасы қызмет бабымен облыс орталығына ауысып, ол төртінші емхананың балалар бөлімін басқарады.

Күнделікті жұмысы кейде ауыр әрі күрделі болды, өйткені кішкентай пациенттер өздерінің қай жері қалай ауыратынын әрдайымнақты айта бермейді.Осылай айлар, жылдар өтіп жатты. Осы уақыт ішінде түрлі оқиға да болды, бірақ бір нәрсе өзгермеді — мамандыққа деген адалдық.

Ақтөбе медициналық институтында қазақ тілінде білім беретін топ ашылғанда Нәзипа Асанқызынстуденттерге дәріс оқуға шақырды. Сол кезде оған кәсіби кітаптарды аудару, жан-жақты дайындалу қажет болды. Ең алдымен оған болашақ дәрігерлерді дайындау ісі, практикадағы дәрігерлік қызметжауапты және маңызды еді.

Кездейсоқ кеңес, тағдырлы шешім

Нәзипа Асанқызы жаңа мамандықты еш қиындықсыз игерді. Қазір ол осы таңдауы үшін бір сәт те өкінбейді. Бірде Алматыдағы аллергиялық орталықта немересін емдеуге тура келген. Сол кезде бұл аурудың әр адамда әртүрлі болатынын аймақтық ошақтарға байланысты екенін байқайды.Қабылдауда оңтүстік астананың тәжірибелі дәрігерлері оған: «Егер отбасыңызда медицина саласында қызмет ететіндер болса, аллерголог мамандығына қайта даярланғаны дұрыс», — деп кеңес берген. Әрине, жол таңдау оңай емес, бірақ кейде бір сәттік сезім өмірді жаңа бағытқа бастайтыны рас. Міне, осы қарапайым кеңес оның кәсіби бағытын түбегейлі өзгертіп, бүгінгі жетістіктің бастауы болды.

Ақтөбе теміржол ауруханасының базасында аллергиялық орталық ашу мәселесі туындаған кезде Нәзипа Асанқызы алғашқы шақырылған мамандардың бірі болды.

Маусымдық поллиноздар, риниттер, сонымен қатар теріде пайда болатын бөрітпелер — иммунитеті әлсіреген, бұрын аллергия диагнозы қойылған науқастардың жиі кездесетін сырқаты. Бронхиялық астма, әртүрлі формадағы дерматиттер де көбіне осы жағдайлардың әсерінен дамиды және оларды емдеу кезінде кешенді әрі әр науқасқа жеке емдеу жоспары қажет, — дейді дәрігер.

Жетістіктер жолы

Бүгінде Нәзипа Әлімбаева жеке клиникада қабылдау жүргізеді. Оныңқабылдауынаересектергеғанаемес, балалар да келеді. Пациенттері дәрігерінің қызметтен кетпеуін шын жүректен қалайды, өйткені қазіргі таңда оның біліктілігіне тең келетін мамандар аз.

Нәзипа пациенттер үшін ғана емес, отбасы мен достары үшін де көп жыл бойы нағыз отбасылық дәрігерге айналған. Оның айналасындағылар — таныстары, құрбылары, кәсіби әріптестері — барлығы оның мейірімділігі мен кәсібилігіне сенім артады.

Дәрігер ретінде Нәзипа ғұмырдың үзілетінін, адам қонақ екенін терең түсінеді. Дегенмен ең жақын адамдарын — бауырларын жоғалтқанда, ақыл мен логика ешқашан көмектеспейтінін де жақсы біледі.

Нәзипа Әлімбаеваның үш қызы да ана жолын таңдаған жоқ. Дегенмен олардың әрқайсысы — өз саласында үлкен табысқа жеткен маман. Бірі интерьер дизайнер болса, енді бірі — инженер, ал үшіншісі — программист. Өмірлік серігі — құрылысшы. Оның басшылығымен облыста әлеуметтік маңызды нысандар бой көтерді. Атап айтсақ, ПОШ фабрикасы, теміржол техникумы, «Айс» сүт компаниясының фермалары және басқа да нысандарды айтуға болады. Қазіргі уақытта ол тұрғын үй кешендерін салумен айналысады.

Бұл отбасының ең үлкен жетістігі — ата-әже атануы. Немерелерінің арасында болашақта дәрігер мамандығын таңдауды ниет етіп жүргендері де әжесінің көңіліне ерекше қуаныш ұялатады. Нәзипа Асанқызы үшінбауырының, яғни ағасының ұлы Нұрлан Қожиннің бүгінде облыстық көпсалалы балалар ауруханасын басқаруы —зор мақтаныш.

Жақын күндері Нәзипа Әлімбаева мерейлі 75 жасқа толады. Бұл мерейтой —  адал еңбек, мейірім мен жауапкершілікке отбасы мен достарына деген шексіз махаббатқа толы өмірімнің шуақты кезеңі және әрдайым басқаларға үміт сыйлай білген жылы жүректің қуанышы.

Нұргүл АРЫНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button