Денсаулық

Заманауи томографияның пайдасы

Ақтөбедегі №1 көпбейінді қалалық ауруханада жоғары технологиялық компьютерлік томография (КТ) аппараты мен мобильді рентгендік сүзгі С-доға пайдалануға берілді. Аталған аурухана — облыстағынегізгі стационарлардың бірі.

Мұнда шұғыл жәрдемге жүгінген барлық науқастың 95 пайызы қабылданады. Сондықтан заманауи диагностикалық жабдықтардың іске қосылуы медициналық көмектің қолжетімділігі мен дәлдігіне дәуір арттырмақ. Медициналық мекеме мәліметінше, жаңа компьютерлік томография аппараты түрлі ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерін жоғары дәлдікпен зерттейді. Аппарат салмағы 240 келіге жуықтайтын  науқастарды да тексере алады.

Жабдықтың кепілдік мерзімі — бес жыл. Сонымен қатар техникалық қызмет көрсету тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Ақау немесе техникалық мәселе туындаған жағдайда инженерлік қызмет мамандары 24 сағат ішінде оқиға орнына келіп, қажетті жұмыстарды атқарады.

Ал мобильді рентгендік С-доға жүйесітірек-қимыл жүйесі жарақаттанған науқастар мен жедел хирургиялық көмек көрсету кезінде аса қажет. Рентгендік С-доға жүйесі ERG мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі меморандум аясында сатып алынды. Жобаны ERG құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ қаржыландырды. Құны — 30 миллион теңге.

Мамандардың айтуынша, бұл жабдықтар әсіресе шұғыл жағдайларда, жарақат, инсульт, жол-көлік оқиғалары мен күрделі операциялар кезінде шешуші рөл атқарады. Жаңа технологиялардың енгізілуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button